Оның айтуынша, ҚР Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (қосылған құн салағын ескере отырып) 180 күнге мына деңгейде белгіленген: Аи-92 маркалы бензинге – литріне  182 теңге; Аи-93 маркалы бензинге – литріне 182 теңге; Аи-95 маркалы бензинге – литріне 215 теңге; дизель отынының бағасы – литріне 230-260 теңге.


«Мұнай өнімдеріне баға белгілеу тетігіне келетін болсақ, 180 күн өткеннен кейін басқа мүдделі мемлекеттік органдармен механизмдер мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша тікелей айналысатынымызды атап өткім келеді. Осы жұмыс аяқталған соң қосымша ақпарат береміз. Жалпы, ЖЖМ тапшылығына жол бермеу мәселесі бойынша бірқатар шараларды қарастырып жатырмыз. Қазақстанда қайта өңдеу қуатын арттыру қажет екені белгілі. Жаңа зауыттың құрылысы ұзақ уақыт пен қаражатты қажет етеді, сондықтан нұсқаларының бірі ретінде бүгінгі таңда кезінде өз қуаттылығынан артық өндіре алатындай етіп жобаланған Шымкент МӨЗ-інің қуаттарын кеңейтуді қарастырып отырмыз. Сондай-ақ МӨЗ-ді кеңейтілген жөндеу аралық кезеңіне өту жөніндегі жұмысты аяқтаймыз. Өздеріңіз білесіздер, зауыттар жыл сайын техникалық жөндеуді қажет етеді. Кезінде ТОР жүйесі енгізілді, онда жөндеу аралық кезеңді үш жылға дейін арттыру қарастырылған. Бұл мәселелер министрлік пен компаниялар аясында шешілуде. Сондай-ақ тұтынудың маусымдық өсуін реттеу үшін мұнай өнімдерінің резервтерін құру, сондай-ақ МӨЗ жөндеу жұмыстарының мерзімдерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мұқтаждықтары үшін дизель отынын жөнелту жөніндегі міндеттермен үйлестіру, бұл күзгі және көктемгі дала жұмыстарының ырғақты жұмысы үшін өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ, барлық мұнай базаларын материалдық құндылықтардың қозғалысын сенімді есепке алу үшін бақылау аспаптарымен жарақтандыру», - деді ведомство басшысы.