Болат Ақшолақовтың айтуынша, бұл ерекше оқиға болды. Мұндай апаттар болмаған.   


«Біреуді кінәлауға әлі ерте, өйткені қазір энергетика вице-министрінің жетекшілігімен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Себептер жан-жақты қарастырылуда. Қазір айта алатыным: бақытымызға орай, Қазақстанда барлық автоматика іске қосылды, бұл солтүстік транзиттің ажыратылуына және оңтүстіктегі бірқатар станциялардың оқшауланған жұмысына әкелді, бұл жақсы. Автоматика неге іске қосылды? Өйткені оңтүстіктегі көршілерімізде желінің жиілігі 50-ден 47 Гц-ке дейін төмендеді, бұл стандартты емес және автоматиканың негізгі міндеті бүкіл жүйеге зиян келтірмей жұмыс істеу болды. Қазақстан 4 сағаттың ішінде барлық жүйені тез қалпына келтіріп үлгерді. Сндай-ақ осы уақыт ішінде Қырғызстанмен параллель жұмыс істедік, біз жалпы азиялық шеңбердің бір бөлігіміз. Өкінішке орай, өзбекстандық әріптестер жағдай ұзақ уақыт қалпына келтіре алмады, Өзбекстанда болған апаттың егжей-тегжейлі себептері туралы ештеңе айта алмаймыз. Біз өзіміз туралы ғана айта аламыз: біздің жүйе тұрақты жұмыс істеп, өзінің тұрақтылығын көрсетті. Сондықтан ауыр апаттар болған жоқ, біз 4 сағаттың ішінде жүйені тез қалпына келтіре алдық. Бұл жақсы нәтиже. Шектеулер тек күндіз ғана болды және кешке максимум жүктемеге жеттік. Қазір анықтап жатырмыз. Тергеу нәтижелері белгілі болған кезде қосымша ақпарат беріледі», - деп жауап берді ведомство басшысы.