«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, егер заңға өзгертулер енгізілсе, жергілікті жолдарды тексеру мүмкіндігі туады.   

«Жалпы, қаржыландыруға келсек, Мәжілісте «Көлік туралы» заң қаралуда. Сол заңда біздің мекемені республикадан қаржыландыру мәселесі көтеріліп, қолға алынып жатыр. Заң қабылданса, «Автомобиль жолдары туралы» заңына өзгерістер енгізілуі керек. Ол қабылданса, біз де тікелей республикалық бюджеттен қаржыландырылатын боламыз, сонда тек қана республикалық маңызы бар жолдарды ғана емес, жергілікті маңызы бар жолдарды да тексеру құзыреті беріледі. Қазіргі таңда, өкінішке орай, біз әкімшілікке тәуелдіміз. Әкімшілік келісімшарт жасаса, тексерміз, жасамаса, жергілікті жолдарды тексере алмаймыз. Республикалық маңызы бар жолдарды Автомобиль жолдары комитетімен келісімшарт бойынша тексере береміз», - деді Сағынов.