«Бұл жұмыстар жоспарда бар. «Атырау – Орал» - ең маңызды жолдардың бірі. Ұзындығы - 519 км, оның 184 км Атырау облысы арқылы өтеді. Сол себепті биыл жобасы бітсе, 2023 жылы құрылысы басталады. Атырау облысынан өтетін жолдарға 100 млрд теңгеден аса қаржы керек. Қазір басқа жолдардан босаған ақша 90 млрд теңгені құрайды. Сондықтан үкімет басшысы ұсынысымызды қолдаса, ақша бар деп санауға болады, сонда жөндеу жұмыстары қолға алынады», - деді ведомство басшысы.