«Ол дүкен есіктеріндегі торды бұзу үшін кабель байланған ВАЗ-2114 көлігін жүргізген. Нәтижесінде күдікті екі тегіс ұңғылы және екі ойық мылтық алған. Алматы қаласында осы қаланың тағы 4 тұрғыны ұсталды, олардан ұрланған 10 мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, олардан қауіпсіздік күштерінен ұрланған оқ өтпейтін кеудешелер, қалқандар мен шлемдер тәркіленді. Барлық осы фактілер бойынша күдіктілер УҰИ-ға оқшауланып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қару-жарақты анықтау бойынша мақсатты жедел шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, басқа тонауға қатысқан адамдарды анықтау бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 1 ақпанда Қызылордада ломбардтардың бірінде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасаған осы қаланың екі тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Ұсталғандардан ұрланған алтын бұйымдардың 160-тан астам бірлігі тәркіленді. Алматыда тонауға қатысқандардың бірі «Искер Ломбард» ЖШС 41 млн теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктіден ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленіп, оның кінәсі бейнежазбамен дәлелденуде. Қылмыскерлерден барлығы 107 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүлік, оның ішінде 8 бірлік автокөлік, 360 бірлік тұрмыстық техника, 200-ден астам зергерлік бұйым, 460 киім атауы, 238 ұялы телефон, сондай-ақ 15,5 млн теңге сомасындағы қолма-қол ақша тәркіленді», - деді спикер.