Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Ресми органдардың ескертулеріне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
«Бұл ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын тұрақсыздандыру болып табылады. Жалған хабарлардың негізгі бөлігі елден тыс жерлерде жасалады. Бүгінде әлеуметтік желілерде шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталды. Көрінеу жалған ақпарат таратудың барлық жағдайлары бойынша кінәлілерді заңдарда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда», - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!