«Бүгінгі күні прокуратураға 148 арыз келіп түсті, олардың негізінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, тергеу барысында қысым көрсету фактілері бойынша 105 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда Атыраудағы «Динамо» стадионында орын алған жағдайлар, Талдықорған қаласының тұрғыны Батырбаевқа заңсыз күш қолдану дерегі және басқа да фактілер бар. Осындай оқиғалардың жан-жақты, толық тексерілуін қамтамасыз ету үшін, олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне және арнайы прокурорларға тапсырылды. Тағы да ескертейін, прокурорлар шағымдар мен арыздар, сондай-ақ интернет арқылы таратылған барлық ақпараттарды тексеруде», - деді спикер.