Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде «фейк» ақпараттарды тарату деректерін анықтауда. Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
«Қазіргі кезде осындай фактілер бойынша 10 қылмыстық іс тергелуде. Олар бойынша 3 жалған ақпарат таратушы анықталып, оның біреуі қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр. Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз етуде», - деді спикер.
Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в
Telegram!