Ұрлық, тонау, соның ішінде тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлағаны үшін 322 күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу барысында істің мән-жайларын және күдіктілердің дәлелдерін мұқият тексеруге, сондай-ақ дәлелдемелер базасын жинауға баса назар аударылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.
«Бұрын хабарланғандай, тергеушілердің барлық іс жүргізу шешімдері қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданады, атап айтқанда, күдіктіні ұстау, оның әрекеттерін саралау, сондай-ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі. Бұл ретте барлық күдікті адамдар дене жарақаттарының бар-жоғы медициналық куәландырылғаннан кейін ғана, оларды алу мән-жайлары бір мезгілде анықтала отырып, УҰИ-ға қамалады», - деп атап өтті ІІМ өкілі.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!