«Олар қаңтар оқиғасы бойынша видео және  фотосуреттер. Бизнес өкілдері де көмектесуде. Олар бейнебақылау камералары мен жазылған ақпараттарды жіберуде. IT-технологияларды пайдалана отырып, оқиғаларға қатысы бар барлық адамдарды анықтауды жалғастырып жатырмыз. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысу және терроризм актісін жасауға қатысты 467 адам қамауға алынды. Біз олардың жеке басын, отбасылық жағдайын, жасын, денсаулық жағдайын, қатысу дәрежесін, өз істеріне деген көзқарасын және басқа да сипаттайтын деректерді мұқият зерттейміз», - деп атап өтті қадағалаушы орган өкілі.