«Қазір біз бейбіт митингілерді әртүрлі күштер пайдаланғанын білеміз. Әрекеттердің үйлестірілгені анық. Негізінде, біздің ел «гибридті» шабуылға да тап болды. Ұйымдастырушылар өз жоспарларына деструктивті және қылмыстық топтарды тартты, оларға қару беріп, іс-әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бүгінгі күні ҰҚТ-ның 18 мүшесі ұсталды, адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. Олардың арасында лақап аты «жабайы Арман» атанған Жұмагелдиев және оның топ мүшелері бар. Бұл тұлға туралы жеке тоқталып өтейін. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, нәтижесінде бір адам қаза болған. Бұдан басқа, қарақшылар 12-ші қалалық ауруханада полиция қызметкерін қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған. Осы фактілер бойынша біз қылмыстық істерді тергеудеміз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылды немесе оны белгісіз бағытта алып кетті деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылуда. Егер басында бұл азаматты полиция атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін ұстаса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын. Қазіргі кезде арнайы прокурорлар екі қылмыстық істі біріктіріп, өз тергеуіне алды. Ал Жұмагелдиев ҰҚК тергеу изоляторына ауыстырылды. Осыдан бөлек, қаңтар оқиғасы кезінде басқа да топтар белсенділік танытқан. Жақында ғана Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ҰҚК қызметкерлері «Казахстанский» ҰҚТ жетекшілерін ұстады, олардан оқ-дәрімен бірге 15 атыс қаруы тәркіленді. Қазір олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деді спикер.