«Кейбір саналы азаматтар тұтқынға түскен және жараланған қызметкерлер мен әскерилерге көмек көрсетіп, оларға тобырлардың тиісуіне жол бермеді. Тәртіпсіздіктердің ең қызу кезеңінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруды қолданбаған, тек шабуылдаушылармен күрескен. Жараланғандардың басым көпшілігі қауіпсіздік күштері арасында болуы да осыдан. Ауруханаға түрлі жарақаттармен 3 393 қызметкер жеткізілген. Олар болса, біреудің әкесі, күйеуі, ағасы немесе баласы. Олар жай ғана өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін атқарып, құқықтық тәртіп пен тыныштығын қамтамасыз етті», - деді қадағалаушы орган өкілі.