«Өкінішке орай, мемлекеттің және қоғам қауіпсіздігінің мүддесіне қайшы іс-әрекет орын алды. Қызметкерлер ешқандай қарсылық көрсетпестен Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарын қару-жарақ ,оқ-дәрімен бірге тастап кеткен. Нәтижесінде бүлікшілер 1,5 мыңнан астам үлкен арсеналға ие болған. Олардың ішінде гранатомет, пулемет, автомат, тапаншалар мен гранаталар бар. Мұның барлығы аңшылық дүкендерден ұрланған қаруларды есептемегенде. Әзірге 967 дана қару табылды, қалғандарының қайда екені әлі де белгісіз. Полиция оларды іздеуде», - деп атап өтті спикер.