«Алматы қаласының, Алматы және Қызылорда облыстарының ҰҚК департаменттерінің лауазымды тұлғалары да әрекетсіздік танытқан. Күштік құрылымдардың бірқатар басшылары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тиіс арнайы бөлімшелерінің іс-әрекеттеріне әдейі тосқауыл қоюы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға әрекет жасау бойынша қылмыстық істер тергелуде. Бүгінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары және осы қызметтің орталық басшысы ұсталды. Қылмыстық іс «аса құпия» санатына жатқызылған, сондықтан ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін тергеу деректері жария етуге болмайды», - деп қысқаша спикер атап өтті.