«Қазір біз ақпараттық кеңістікте өткен оқиғалардың бұрмаланып отырғанына куә болып отырмыз. Митингілердің бейбіт сипаты және құқық қорғау күштерінің заңсыз әрекеті туралы айтылады. Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру, ең бастысы – жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын жауапкершіліктен бойтасалауы үшін жасалады. Қазақстандықтар бұл қоғамдық сананы айла-шарғы жасау жөніндегі мақсатты ақпараттық науқан екенін түсінуге тиіс. Осыған байланысты азаматтардан тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуді сұраймын. Сонымен қатар, көрінеу жалған ақпарат таратуға болмайтыны туралы ескертемін», - деді полковник.