«Заң жобасында банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы қарыздар, несиелер алуды шектеу ұсынылған. Сонымен қатар, банкроттықтан кейін азамат емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, 3 жыл бойы елден тыс жерлерге шыға алмайды. Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттықты қайта қолдана алады. Азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және ары қарай қандай қаражат көздері есебінен өмір сүре алатынын ойлануы қажет. Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға борыштық жүктемесінен құтылуға және белсенді экономикалық қызметін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді» ,- деді спикер.