«Жеке тұлға банкрот деп танылған жағдайда, оның банк алдындағы қарызы толық кешіріледі. Ол банкке арызданғанда көрсеткен қарыздар толық жойылады. Оның шетелге шығуына тыйым салу сот орындаушылардың шешімімен белгіленеді. Бұл шектеу қарызы, салықтық берешегі болған жағдайда қойылады. Банкрот болып жарияланған адам қарызын өтемеген болып есептеледі. Бұл халықаралық практикада бар. Заңда қарастырылған. Дегенмен, жеке тұлғаны экономикалық белсенділікке тартуымыз керек болғандықтан, ол шетелге жұмыспен бара жатса, сыртқа шығып табыс көздерін тауып жатса, ондай мүмкіншілік беруге болады. Оны талқылаймыз», - деді ҚР бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев өз жауабында.