«Заңды тұлғалар мен ЖК бойынша қасақана және жалған банкроттық қарастырылған. Бұл жағдайда да осындай баптар енгізілді. Егер несие алушылардың алдау, мүлікті жасыру фактілері анықталса, заңнамамен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, бірнеше АЕК төлеуден бас бостандығынан айыруға дейін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқаруға шектеу қою түріндегі санкция бар», - деп жауап берді Марат Сұлтанғазиев.