ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл жағдайды түсіндіріп өтті.  

«2029 жылдан бастап дельфинарийлердің ғана жұмысына тыйым салынады, аталған басқа барлық мәдени ойын-сауық орындары 2025 жылдан бастап жабылады. Бұл не үшін жасалып отыр? Бұл бизнес екенін ескере отырып, біз жануарларды хайуанаттар бағына, оңалту орталығына немесе баспанаға ауыстыруға мүмкіндік әрі уақыт беріп отырмыз. 2029 жылдан бастап жабылатын дельфинарийлерге келетін болсақ, елімізде Алматыда жалғыз «Немо» дельфинарийі бар. Онда екі афалина дельфинінің бар екенін ескере отырып, оларды табиғи ортаға қайтару адамгершілікке жатпайды деп ойладық. Оларды тасымалдау керек... Екі күн жолда болады... Бұл жануарларға қатыгездік таныту болады. Сондықтан дельфинарийлерге осындай ұзақ уақыт бердік, бұл ретте ондағы дельфиндердің табиғи өлу мүмкіндігі ескерілді. Сондықтан дельфинарийлерге осындай ұзақ уақыт берілді», - деп түсіндірді ведомство өкілі.