«Сондай-ақ энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ел экономикасын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен 13 инвестициялық келісім жасасты, олардың шеңберінде генерациялайтын жабдықты реконструкциялау және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру болжанып отыр. Нәтижелері бойынша, көлемі шамамен 1 600 МВт болатын қосымша электр қуатын іске қосу жоспарлануда, оның ішінде көмір 950 МВт және газ 650 МВт құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының гидроэнергетикалық саласын дамытудың 2030 жылдарға арналған жоспары шеңберінде судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын шамамен 1 500 МВт электр қуатын іске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті спикер. 


Мұнымен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін әзірледі. Энергия теңгерімін әзірлеу барысында секторлар бөлінісінде Қазақстанның энергетика саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жүзеге асырылды және көздер бөлінісінде генерацияны дамыту, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды енгізу перспективаларын ескеретін өндіру-тұтыну теңгерімдерін модельдеуге сәйкес пайдалануға беру талап етілетін электр қуатының қажетті көлемі әзірленді. 


«Энергия теңгеріміне сәйкес электр энергиясын тұтыну 2035 жылға қарай 152,9 млрд. КВт*сағ дейін өседі, 2021-2035 кезеңінде электр энергиясын тұтынудың орташа жылдық өсуі 2,7% - ға артады. Экономика мен халықтың қажеттілігін жабу үшін 2035 жылға қарай 17,5 ГВт жаңа генерация қажет болады», - деді министр. 


Айта кетейік, елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысы үшін базалық генерацияны енгізу қажеттілігі, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен көрсеткіші және жаңартылатын энергия көздерін өндірудің тұрақсыздығы, көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібі және Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне түрткі болады. Барлық жоспарланған жобаларды іске асыру энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық және реттеу қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.