«Біз қамауға алынғандардың жеке бастарын зерттедік және Алматы қаласы бойынша олардың портретін жасадық. Негізгі массада - олар жоғары білімі және тұрақты жұмысы жоқ 30 жасқа дейінгі жас адамдар. Алматы қаласында анонимді сауалнама жүргізу барысында әрбір үшінші қиратушы жағдайды пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлау арқылы пайда табуды қалағанын мойындады. Прокуратура органдары азаматтық ұйымдарының өкілдерімен бірлесе қамауға алынғандардың және ұсталғандардың жағдайын күнделікті тексеруде. Сонымен қатар, біз бүгінге дейін қолданған бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке бастарын, денсаулық жағдайын және өзге де сипаттайтын материалдарды ескере отырып, 157 адамға қолданылған қамауға алу шқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамақ және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Көрсетілген сандар түпкілікті емес, бұлтартпау шараларын қайта қарау жұмыстары жалғасуда. Мұнымен қоса, прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке қатыстылығы болмауына байланысты уақытша ұстау абақтыларынан 103 адамды босатты», - деп атап өтті спикер.