«Оның ішінде Атырау қаласындағы «Динамо» стадионында ұсталғандармен болған оқиға, Алматы облысының полиция ғимаратында Батырбаевтың, кәмелет жасқа толмаған Есболатұлының және басқаларының күш қолдану туралы арыздары, сондай-ақ өзге де қоғамдық резонанс тудырған фактілер. Әрбір қылмыстық іс бақылауда. Нақты нұсқаулар берілді. Процесс прокурорлары тағайындалды. Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесе заңдылықтың және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды сақтай отырып, орын алған жағдайдың мән-жайларын анықтау, жазаның бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда», - деп түйіндеді қадағалаушы орган өкілі.