Прокуратура органдары заңдылықтың сақталуына үнемі қадағалау жүргізеді. Жеке басы мен қылмыстың ауырлығын ескере отырып Ішкі істер органдары бастамашылығымен 103 адам қамаудан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды. Тек осы аптаның басынан бері күзетпен ұстаудан 36 адам босатылды. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады. 
Бұрын хабарланғандай, осы негіздер бойынша уақытша ұстау изоляторына кіргізбей 200-ден астам күдіктіге қатысты, бұлтартпау шараларының өзге түрлері қабылданды.