«Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық деңгейде мүдделі министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасының іс-шараларын іске асыруды әзірледі және бақылайды. Аталған жол картасы Төтенше жағдайлар, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді. Өткен жылы су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы аясында 37 іс-шараны іске асыру аяқталды. 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс - шаралар аумақтарды дамытудың кешенді жоспарлары мен облыстық су тасқынына қарсы жоспарлар шеңберінде іске асырылуда», - деп хабарлады спикер.