«Үш бағдарламалық құжатты жүзеге асыру аясында 2021 жылы 51 км жағалауды бекіту және 72 км өзен арналарын тазарту, 78 км қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 2 гидротехникалық құрылысты салу және 6 гидротехникалық құрылысты жөндеу, 21 км су бұру арналарын салу және 25 км тазалау, 4 жергілікті құлақтандыру жүйесін орнату жүргізілді. Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Түркістан облыстары әкімдіктерінің 60 елді мекеннен су басу қаупі жойылғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, ШҚО, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО-да су басу қаупі барынша азайтылған елді мекендер саны 98-ге артты. ТЖМ арқылы берілетін трансферттер есебінен өткен жылы Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында су түбін тереңдету және жағалауды нығайту бойынша 4 жаңа ірі жобаны іске асыру басталдв және біреуі Қызылорда облысында жалғастырылды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Семей қаласының Пристань, Мирный, Восточный кенттері және Бейбітшілік аралы ауданында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталуда. Бұл осы кенттерді қорғауға және қаланы сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су тартудың қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мәселен, Ақмола облысының Атбасар қаласында су қорғау аймақтарында орналасқан 455 апатты тұрғын үй бұзылды. Үкімет резервінің қаражаты есебінен 200 отбасы үшін екі көппәтерлі үйдің құрылысы жалғасуда. 300 отбасын көшіру қалады», - деп атап өтті спикер. 


Оның мәліметінше, әкімдік 3 үйге ЖСҚ әзірлеп, Үкімет резервінен қаржыландыруды күтуде.