«Қазіргі уақытта су тасқыны алдында әкімдіктердің елді мекендерден қар шығару, арықтар мен каналдарды, автомобиль және теміржол су өткізу құрылыстарын мұздан және қоқыстан тазарту, инертті материалдар қорын дайындау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда елді мекендерден 5 млн текше метрден астам қар шығарылды, 4 мыңнан астам канал мен 5 мыңға жуық арық, 4 мыңнан астам автомобиль және 2 мың теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар дайындалды. Халықпен 8 мыңға жуық жиын өткізілді, су тасқыны кезіндегі мінез-құлық ережелері бар 40 мыңнан астам ұсынымдар таратылды. Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы ТЖМ шекара маңы бөлімшелерімен өзендердегі су тасқыны жағдайы туралы деректермен алмасу ұйымдастырылды. Кеше ғана төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды. Ведомствоаралық комиссия су ресурстары комитетіне су қоймаларында тасқын суларды қабылдау үшін жеткілікті көлемнің болуын қамтамасыз етуді ұсынды», - деп атап өтті полковник.  


Ол сондай-ақ қазақстандықтарға аула және аула маңындағы аумақтардағы қарды уақытылы тазартуға; үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын бітемеуге, оларды уақтылы тазартуға; мүмкіндігінше үй маңындағы аумақты қоршауға арналған инертті материалдар мен қаптарды дайындауға кеңес берді.  


Егжей-тегжейлі және толық ақпарат ТЖМ ресми сайтында жарияланған.