«Ақпан және наурыз айларында температура күрт көтеріліп, қатты жаңбыр жауған жағдайда, еріген қар мен жаңбыр су тасқыны болуы мүмкін. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары жатады. Орташа қауіпті аймақтар: БҚО, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары. Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасуда және Қазгидрометпен су тасқынына түпкілікті болжам 1 наурыздағы жағдай бойынша дайындалуда», - деп хабарлады полковник.