«Іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін ТЖМ жеке құрамының 10 мыңнан астам адамы және шамамен 2 мың техникасы дайын. Оның ішінде су сорғыш станциялар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, жол талғамайтын көліктер, жылжымалы және тіркемелі мотопомпалар, сондай-ақ жүзу құралдары дайын. Су тасқыны жағдайы күрделенсе, ТЖМ-нің қосымша құтқару күштері де әзірлікте. Су тасқыны қауіпі аз аймақтардың күштері мен құралдары қауіпті аумақтарға жіберілетін болады. Оның ішінде Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қоғау академиясының жоғарғы курс курсанттары да бар. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мамандандырылған және инженерлік техника, жедел резервтің мүлкі де әзірлікке келтірілді. Қажет болған жағдайда шатырлы лагерьлерді жеткізуге және құруға дайын. Күштерді тасымалдау және зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады», - деді ТЖМ өкілі. 


Әкімдіктермен бірлесіп, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру үшін 3 мыңнан астам пункт дайындалды. Эвакуациялау бағыттары жаңартылды, қажетті көлік саны белгіленді. Зардап шеккен халыққа қажетті бірінші кезекті іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері пысықталды.