Оның айтуынша, оқу-жаттығулар шеңберінде барлық өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы өткізіледі.  

«Оқу-жаттығу шеңберінде көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін, оның ішінде пандемия жағдайында карантиндік шектеулерді ескере отырып, оларды жүргізу тетігін, хабарлау және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеруді, АҚМЖ барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамдық және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтер қорларын құруды ұйымдастыру көзделген», - деді департамент бастығы. 


Ведомство өкілі халыққа ескерту жұмыстарын жүргізуде 66 еріктілер ұйымы және 1 мыңнан астам жеке еріктілердің көмегі зор екендігін атап өтті. 


Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат министрліктін ресми сайтында орналасқан.