Жүйеге қатысатын банктердің депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге лицензиялары бар. Сонымен қатар, салымшы жинақ мерзімі мен сомасын, жарналардың кезеңділігін өз бетінше анықтайды.  


«Мемлекет әрбір азаматқа жеңілдікті, жеткілікті түрде адал жағдайда өз баласының білім алуына қаражат жинай алатын құрал ұсынады. Принципі неде? Адам екінші деңгейдегі серіктес банктерде білім беру депозитін ашады. Олар «Қазақстан Халық банкі», «Jýsan Bank», «Банк ВТБ», «Нұрбанк». Азамат өзінің немесе баласының атына шот ашады. Бұл депозитке банктің коммерциялық сыйақысы, сондай-ақ 5-7% мемлекеттік сыйақы есептеледі. Тиімді мөлшерлеме 17% және одан жоғары болады. Банктерде депозиттер бойынша мұндай құрал жоқ. Біздің жинақтау мәдениетін көтергіміз келді. Егер құралдар болса, онда болашақта баланың біліміне әркімнің қаражат жинауға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, егер бала грант бойынша өз бетінше оқуға түссе, онда барлық сыйақылар, оның ішінде мемлекеттік сыйақылар да, қаражаттың барлық көлемі салымшының меншігінде қалатынын атап өткеніміз жөн. Ол оларды дербес басқарады, қолма-қол ақшаны алуына да болады. Бұл депозит Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалар тарапынан кез келген тыйым салулар мен шектеулер қоюдан заңнамамен қорғалған, бұл кез келген тараптың талаптарынан толық қорғалған депозиттің жалғыз түрі», - деп атап өтті спикер.