Оның сөзінше, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-сұлтан қалаларында бес университеттік аурухана, сондай-ақ, Түркістан, Петропавл және Көкшетау қалаларында үш көпсалалы салу көзделген.
«Құрылыс 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде жоспарланған. Бұл объектілер республикалық МЖӘ жобаларының тізбесін оңтайландыру үшін салынады. Бұл ретте қалған 12 жоба 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аурухана құрылысының 1 шаршы метрінің шекті құны айқындалады. Қаржы моделі де анықталады. Бұл тапсырмалар ауруханалар құрылысы бойынша бағдарламаны іске асырудың бірыңғай тәсілі мен оңтайлы нұсқасы бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Қазіргі кезде университеттік ауруханалар салу басымдыққа ие. Бұл барлық басқа жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты, сондай-ақ білім, ғылым мен практиканың үш тұғырлы қағидатын қолдануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.