«2021 жылы Денсаулық сақтау министрлігі жалпы коронавирустық инфекцияға қарсы 24,8 млн доза вакцинамен қамтамасыз етті, оның ішінде 4 вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген. Биыл халықты ревакцинациялау үшін QazVac вакциналары - 500 мың доза; Спутник Лайт – 150 мың доза жеткізілді, бұл ретте Қарағанды фармацевтикалық кешенімен аталған вакциналар өтеусіз негізде берілді; Синофарм – 2 млн доза. Алдағы уақытта отандық QazVac вакцинасын ай сайын 500 мың дозадан жеткізу жоспарланып отыр. Вакциналарды сатып алуды, ревакцинация қарқынына қарай жоспарлайтын боламыз», - деп атап өтті спикер.