Оның сөзінше, заң аясында тиісті мемлекеттік қолдау және осы игіліктерді алуға болатын жағдайлар қарастырылған.  


«Заңның өзі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Осы уақытқа дейін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу, арнайы комиссия құру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды жүзеге асыру ережелері негіз болатын заңға тәуелді актілерді дайындау жүргізілді. Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерлердің белгілі бір жағдайлармен байланысты жұмысы. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тартудан тұрады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қарт адамдар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, жетім балалар және басқа да санаттар»,-деп түсіндірді ведомство өкілі.