«Өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінен тиісті өтінімдерді қарайтын мамандандырылған комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі жағдай бойынша тізілімге Қарағанды облысында әзірге тек 2 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі енгізілген, бірақ жыл ішінде толықтыру бөлігінде тізілім құрамын қайта қарау көзделген. Өңірлік комиссиялар тоқсан сайын тізілімді толтыру бойынша жұмыс жүргізетін болады. ҰЭМ өңірлік комиссиялардың ұсынысы бойынша тиісті субъектілерді осы тізілімге енгізеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің тізіліміне енгізу нені білдіреді? Оған қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауды алу мүмкіндігі беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерліктің өзіне қосымша қаражат қарастырылмайтынын атап өткім келеді. Бұл қаражат қолданыстағы тетіктер шеңберінде бизнесті қолдау бойынша қолданыстағы құралдар ретінде салынды», - деп атап өтті спикер.