«Халықаралық тәжірибеде әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорын иелерінің табысын арттыру тәсілі ретінде емес, белгілі бір әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамға пайда әкелу мақсатында қызметтер көрсету және тауарлар өндіру деп түсіндіріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар іске қосқан бизнес немесе кәсіпкердің ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен оған мұқтаж халыққа жұмыс орындарын тікелей қамтамасыз етуі. Әлеуметтік кәсіпкерлік дамыған елдерде (Ұлыбритания, АҚШ және Оңтүстік Корея) жұмыс істеп тұрған даму институттары көп. Көбі коммерциялық емес ұйымдар және олардың бұл институты қоғамның күнделікті өміріне берік енді», - деп түсіндірді салалық ведомство өкілі.