«Қамаудағылардың өтініштері негізінен үй-жайлардың температуралық режиміне, сәлемдемелерді алудың қиындығына, туыстарымен кездесуді ұйымдастыруға және басқаларға қатысты болды. Қазіргі уақытта осы мәселелердің барлығы шешілді. Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді. Тергеу изоляторларындағы қаңтар оқиғаларына қатысушыларға адам құқықтары жөніндегі уәкіл 9 рет, оның өкілдері 41 рет барған. Бұдан басқа, аталған адамдармен Парламент депутаттарының топтары 9 рет, Ұлттық сенім қоғамдық кеңесінің өкілдері төрт рет, «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігі мен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның өкілдері бір-бірден кездесті. Күдіктілерді ұстау шарттары барлық жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», - деді Қилымжанов. 


Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желілерде күдікті тұлғаларды ұстау жағдайына қатысты жалған ақпараттар таратылатынын атап өтіп, азаматтарды тек ресми деректерге сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.