Ол «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында соңғы екі жылда түрлі заңнамалық актілер қабылданғанын атап өтті: бұл қоғамдық кеңестер туралы жаңартылған заң, бейбіт митингілер туралы арнайы заң және басқа да нормативтік актілер, бірақ қаңтардағы оқиғалар көрсеткендей, жеткіліксіз шамада іске асырылуда. 


«Қоғамдық кеңестерді мысал ретінде келтірсек,  олар, негізінен, халық арасында сыни проблемаларды талқылау үшін диалог алаңына айналуы тиіс еді, айталық, белгілі бір адамдардың пайдасына тиімсіз форматта қалыптасты, жағдай туралы ашық айта алатын қоғамдық пікір көшбасшылары тартылмады, соңында бұл осындай өкінішті нәтижелерге алып келеді. Одан әрі жетілдіруді қажет ететін басқа да бағыттар бар. Бүгінгі пікірталас пен сарапшылармен талқылау осы күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы наурыз айында екі маңызды оқиға: Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі, сондай-ақ Қазақстан халқына Жолдауы болатынын жариялады. Ол азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының өзгеруінің негізгі форматтарын айтуға уәде берді, менің ойымша, сараптамалық кездесудің бүгінгі ұсыныстары да оның сөзінің негізін құрайды. Менің ойымша, сұранысқа ие болатын ұтымды шешімдер мен қажетті дүниелер айтылады және іске асырылады. Ешқандай күмән жоқ. Президент өз сөзінде тұрады», - деп түйіндеді спикер.