«Жаһандану үдерісінде мемлекетіміздің өзіндік бейнесін жоғалтпай, салт-дәстүр мен жаңашыл трендтер, рухани мәдениет пен жаңа технологиялардың сабақтасып, әлем мойындаған отыздыққа енуге нық қадам жасай алуымыз, эволюциялық дамудың айқын бейнесі және қоғамдық сананың сілкінісі. Жаңа Қазақстан дегеніміз - қоғамдық институттар мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы батыл бастамаларының жүзеге асуы, әлеуметтік қордаланған мәселелерді ақылмен шешіп, ел әл-ауқатының едәуір жоғарылауы, зияткер жастардың тың ойларының қолдау тауып, елдегі жаңа технологиялық үрдістің ілгерілеуі. Қазақстан халқы 19 млн-ға жеткен. Оның ішінде 3,7 млн астамын 14-28 жас аралығындағы жастар құрап отыр. Жастардың белсенділік мәні мен деңгейін анықтайтын, ынталандыру мен мотивация берудің маңызды элементтерінің бірі олардың құндылықтары мен мүдделері. Осылайша экономикалық мінез-құлық пен қоғамдық саяси позиция қалыптасқан құндылықтар әсерінен пайда болады», - деді Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. 


Ол бүгінде елімізде жастар үшін барлық жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, Жаңа Қазақстан зияткер ұрпақ, білімді жас ізденімпаз және жасампаз азамат деген түсінікке сай болуы тиіс.