«Бірінші кезектегі мәселе - әлеуметтік әділеттік принципін қалыптастыру және орта тапты қалыптастыру. Орта тап қалыптасқан кезде, белгілі бір саяси көзқарастар пайда болады, ол сауатты түрде саяси партияларды таңдайды, одан әрі құқықтық сауаттылық, басқа да заңның орындалуы, барлығы өз ретімен келеді. Сондықтан орта таптың қалыптаспауы, еліміздегі әлеуметтік проблемалар - ең негізгі мәселелер осылар. Екінші мәселе, халықтың 40% жуығы ауылдарда тұрады. Ал мал жаятын, шөп шабатын жерлерді белгілі бір топтар иемденіп алған. Мал жатын жер жоқ. Бұл үлкен проблема. Осындай мәселелерді шешсек, барлығы болады деп ойлаймын. Президент айтқандай, азамат мемлекет үшін емес, мемлекет азамат үшін болса, барлығы ретімен болады деп ойлаймын. Елімізде «Бастау» жобасы, мектептерде «кәсіпкерлік негіздерін» оқыту сияқты жақсы бастамалар бар, осы саланы көтеріп, шағын және орта бизнесті дамытсақ, халықтың қаржылық, құқықтық сауаттылығын көтеріп, мемлекет өз кәсібін ашуға жағдай жасауы керек»,- деді спикер.