Оның сөзінше, қаңтардағы оқиғаға баға беруге әлі ерте.
«4-6 қаңтар күні Алматыда – еліміздегі үлкен қаланың ішіндегі халықтың жанайқайын естігенде, мысалы қаншама пікірлерді көрдік, бейбіт кезде мұндай тауқыметті, мұндай соғыс әрекеттерін көру, психологиялық тұрғыдан болсын, басқа жағынан болсын өте ауыр. Президенттің сол кезде шұғыл түрде шешім қабылдауы қажет болды. Өйткені біздің саяси тұрақтылығымыздан бөлек, мемлекеттілігімізге үлкен нұқсан келеді деді. Мемлекет басшысы наурыздың басында болатын Жолдауында алғашқы нәтижелерге тоқталатынын айтты. Бұл жерде нені түсінуіміз керек? Біз әділеттілікті іздеп жүріп, әділетсіздікке бой алдымауымыз керек. Яғни, кінәсіздік презумпциясы бар. Кез келген адамды айыптау үшін нақты дәйек, дәлел болуы керек. Сол кезде ғана ол айыпталушыдан нақты айыпты адамға айналады. Сондықтан асықпауымыз керек, ең бастысы, алынатын сабақ, Жаңа Қазақстан құрамыз десек, саналы болуымыз керек. Яғни, өз отанымыздың гүлденуіне, өркендеуіне әрбір азамат саналы түрде жауапкершілігін түсіну арқылы ғана келеміз», - деді спикер.