«Осылайша, егер біз энергия балансына сәйкес жұмыс істеп, энергетикалық қуаттарды енгізе алмасақ, жұмыс істеп тұрған энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттілігін өтей алмайды. 2035 жылға қарай жиынтық қуаты 17,5 ГВт болатын жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету талап етіледі. Сонымен қатар, генерациялау секторына экологиялық әсерді төмендету бойынша бірқатар факторлар, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қабылданған міндеттемелер әрекет ететінін атап өту қажет. Аталған 17 ГВт жаңа қуаттардың шамамен 10 ГВт төмен көміртекті генерация көздері болып табылады, оның ішінде 6,5 ГВт - ЖЭК объектілері. Күн және жел электр станцияларының энергияны тұтыну өндірісінің тәуліктік кестесіне теріс әсерін барынша азайту мақсатында өндірудің тұрақсыздығын ескере отырып, ЖЭК объектілерінің энергияны жинақтау жүйелерін қолдану жөніндегі талаптарды енгізу жоспарланған. Халықаралық қаржы ұйымдарының көмір станцияларын салу жөніндегі жобаларды қаржыландырудан жаппай бас тартуына байланысты бұдан әрі көмір генерациясын енгізу біз үшін шектеулі болып табылады. Осыған байланысты баланста базалық генерацияның жаңа көзі ретінде жиынтық қуаты 2,4 ГВт атом электр станциясы қарастырылған. Тұтастай алғанда, 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай: 6,5 ГВт - жаңартылатын электр энергиясы жөніндегі объектілер, 5 ГВт-тан астам газ генерацияларын, 2 ГВт - су электр станцияларын, 1,5 ГВт – көмір генерацияларын, 2,4 ГВт - атом генерациясын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл базалық және реттеу қуатының тапшылығын өтеуге мүмкіндік береді, шектес мемлекеттердің энергия жүйесін реттеуден энергия жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті спикер. 


Болжамға сәйкес, электр энергиясын өндіру құрылымында 2035 жылға қарай көмірдің үлесі 40% – ға дейін төмендейді, қазіргі уақытта оның үлесі 70% дейін өзгереді, ЖЭК үлесі 23% дейін артады, газ генерациясы 18%, ГЭС үлесі - 7%, АЭС үлесі - 12% - ға дейін жетеді.