Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Крюков қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық лицензия алу оңай емес екенін айтты. Іріктеу рейтинг бойынша жүретіндіктен, төрт жылдықтың басты жарыстарында өнер көрсету үшін маусым бойы немесе екі маусымда тұрақты нәтижелер көрсету керек.  


«Бір жылда екі олимпиада өткізіп, әрине, екеуінің де нәтижелерін салыстыра бастаймыз. Елімізде қысқы спорт түрлері жазғы спорт түрлерінен айтарлықтай артта қалып келеді. Тарихымызда қысқы спортшылар тек 8 олимпиада медалін және 1994 жылы бір ғана алтын жеңіп алды. Бір спортшының еншісінде 4 медаль. Яғни, қысқы спорттағы жағдай күрт нашарлады немесе жақсарды деп айтуға болмайды, ол әрқашан жазғы спорт түрлеріне қарағанда нашар болды. Токиода немесе Бейжіңде алған бір алтын медаль қазақстандық спортта проблемалар жоқ дегенді білдірмейді, бұл туралы аз айтылып келді. Айта кетейік, бірінші және алтыншы орындар заң бойынша жүлделі орындар болып саналатынын еске саып өтейін. Тиісінше, бұл спортшылар сол үшін марапатталады. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік марапаттарға ұсыну жөнінде өтініш жасағымыз келеді. Өйткені, олардың кейбіреулері үшін бұл 3-4 олимпиада, олар жоғары деңгейде еліміздің намысын қорғады. Осы Олимпиададан кейін көбі спорттық мансабын аяқтайды», - деп түйіндеді ҰОК өкілі.