Өткен жұмыс топтарында көптеген ұсыныстар енгізіліп, келесідей шешімдер қабылданды.
«Бірінші ұсыныс – шетелге шығу негіздерін кеңейту. Негіздерге оқыту және еңбек қызметін жүзеге асыру қосылды. Бұл мәселе бойынша сұрақтар көп болды. Бұдан басқа, кепілде тұрған жалғыз тұрғын үйді сату кезіндегі ерекшеліктерді қарастыру. Біз «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заң ережелерін және осы ерекшеліктер қарастырылған Азаматтық кодекстің ережелерін сақтау туралы норманы нақтылайтын заң жобасын толықтыруды ұсынамыз. Борышкердің қаржылық басқарушылардың қызметтерін төлеуге қаражаты болмайды деген қауіп бар, сондықтан мемлекет қолдауына мұқтаж борышкерлердің жекелеген санаттары бойынша сот банкроттығы кезінде қаржылық басқарушылардың қызметтерін мемлекеттік бюджеттен төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылудаа. Келесі ұсыныс борышкерді банкроттықтың басталғаны туралы несие берушілерге хабарлауға міндеттеу болды. Бұл ұсыныс та қолдау тапты, ол заң жобасында ескеріледі. Бесінші ұсыныс - банкроттық кезіндегі алаяқтық әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту. Уәкілетті органның банкроттықтан кейін 3 жыл бойы жеке тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу міндетін қарастыруы ұсынылды. Соның ішінде салық декларациясының деректері негізінде. Алтыншы ұсыныс - сот рәсімінде қаржы басқарушыларын тағайындау жөніндегі міндетті уәкілетті органға жүктеу. Жетінші - құжаттамалық аяқтау тәртібін көздеу. Осыған байланысты электрондық үкіметтің веб-порталында да автоматты режимде электрондық хабарлама жасалады, ол банкроттық рәсімінің 6 айы аяқталғаннан кейін борышкерге және кредиторға жіберіледі. Сегізінші. Банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін 7 жыл ішінде электрондық үкімет порталында және Мемлекеттік кредит бюросында ақпараттың сақталуы. Бүгінгі таңда ақпаратты сақтау мерзімін 5 жылға ұлғайту туралы ұсыныс болды. Тоғызыншы, бастапқы кезеңде 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж қарастыру қажет. Біз бұл ұсынысты да қолдадық. Бұдан басқа, сот банкроттығы рәсімінде бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігін көздеу ұсынылды. Бұл ұсыныс та қолдау тапты. Сондай-ақ, өтініштерді ХҚКО арқылы келу тәртібімен қағаз тасымалдағышта ұсыну мүмкіндігі іске асырылады. Бұл да қолдау тапты. Бұдан басқа, егер сату өзара байланысты үлестес тараптар арасында болған жағдайда мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін негіз қарастыру ұсынылды. Бұл ұсыныстар да пысықталады, яғни қазіргі қолданыстағы заңның редакциясы осы бөлігінде пысықталады», - деді спикер.
Сонымен қатар, іс жүзінде қолданылғаннан кейін заңды жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар да бар. Атап айтқанда, кредиторларға сот банкроттығын бастау құқығын беру. Бұдан басқа, Заңды шетелдіктерге, қандастарға және ҚР тұрақты тұратын жері бар адамдарға қолдану. Жұмыс тобының мүшелері басқарушы лауазымдарға орналасуға тыйым салуды, оның ішінде заңды тұлғаның құрылтайшысы, акционері болуды немесе мемлекеттік ұйымдардағы қызметті шектеуді ұсынды. Кредиторлардың отбасы мүшелерінің мүлкі туралы мәліметтер алу құқығын көздеу ұсынылды. Мұнда бастапқы кезеңде қаржылық басқарушыларға осындай мүмкіндік беру және оның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көру ұсынылып отыр.