«Болашақ» қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» компаниясының басқарушы серіктесі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, қатысуға өтінімді жасына қарамастан ісін жаңа бастаған, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер бере алады.   

«Мұның барлығы жеке инвестициялар есебінен, бюджеттен бірде-бір теңге тартылмағандықтан, біз байқауды барынша икемді, транспарентті етіп жасадық, бұл бізге ешқандай лимиттер мен шектеулер қоймауға мүмкіндік береді. Біз 60% осындай, 40% осындай болады деп айта алмаймыз. Бұл ретте жобаның миссиясына қарау керек. Ол жыл сайын жаңа Қазақстандағы жаңа бизнесмендердің легін арттырудан тұрады. Қазір зор мүмкіндіктер ашылуда, монополиясыздандыру жүріп жатыр, нарықтар ашылуда, ырықтандыру. Тек ниетіңіз болса болды. Бұл қазіргі бизнесмендер немесе жаңадан бастағандар болуы мүмкін. Ең бастысы - бұл жобаны жасай ала ма?! Әрине, біз дағдылары бар адамдарға басымдық береміз. Менің ойымша, бұл тәжірибесі бар адамдар болады: күйгендері бар, бәрін жасап, одан айырылып қалғандары бар немесе өз бизнесі бар адамдар. Павлодарлық бір қыздың оқиғасын айтып өтейін. Ол шыныны кәдеге жаратумен айналысқан. Өзінің шағын цехында вазалар, ыдыс аяқ жасаған. Енді ол экологияға және өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаны жүзеге асырып жатыр. Ол бәрін өзі жасады деуге болады, бірақ конкурсқа келді. Ол бұл ісін кеңейтпек. Мақсатына жетті. Екінші орынға тұрақтап, ақшасын алды», - деді спикер мысал келтіре отырып.