Оның айтуынша, елімізде автокөлік саласы жақсы дамып келеді. 


«Бізде автокөлік саласы жоқ. Құр дөңгелегін алып, қоя салады деп жатады. Бұл олай емес. Жалпы, көлік құрастыру саласын үш кезеңге бөлуге болады. 1-кезең - ірі торапты құрастыру. 2-кезең - ұсақ торапты құрастыру. 3-кезең – қосалқы бөлшекті өз еліңде шығару. Бұл әлемдік алгоритм. Өткен 10 жылда біз толығымен ірі торапты құрастыруды үйрендік. Енді ұсақ торапты құрастыруға өтіп жатырмыз. Ірі торапты құрастырғанда 50-100 операция жасалады. Ал ұсақ торапта – дәнекерлеу, бояу, шанақты осында құрастыру, оны майыстыру бар, яғни мыңнан астам операция жасалады. Оны істейтін мамандар ел азаматтары. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан елдің инженерлік потенциалы. Сервистік қызметтерді қоса есептегенде, 14,5 мың адам еңбек етуде. Олар жоғары жалақы алады, жоғары технологиялық мамандар ретінде қалыптасуда», - деді спикер.