Байқаудың бас демеушісі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, осы кезеңде 4 000 жуық өтінім тіркелген. Әлеуметтік жоба тарихында бұл ең жоғары көрсеткіш. Бұл жобаның танымалдылығын және қамту деңгейінің белгісі. Өтінімдер саны бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Алматы облысы көш бастап тұр. 


«Секторлық бөліністе - бұл IT-сала, MarketPlace - бұл өте трендтік және маржиналдығы жоғары сала. Жаңа бастап отырған кәсіпкерлерге үлгі боларлық жақсы әңгімелер бар. Екіншісі - білім беру секторы, дизайн, сән. Әйелдер көп. Бұл қуантарлық жайт. Қатысушылардың жасына келсек, барлық санаттағы азаматтар деуге болады. Биылдан бастап біз ешқандай шектеулер қоймаймыз, орташа жас - 28. Басты жаңалықтардың бірі - гранттар болмайды, біз финалистер бизнес-періштелерге өз жобаларын тікелей таныстыра алатын алаң ұсынамыз, өтініш берушілер мен инвесторлар арасында ашық, жақсы диалог орнайды деп ойлаймыз. Бұл қазіргі кезде болып жатқан нәрсе. Біз келіссөздер қалай өтетінін, қалай келісілетінін ашып көрсетпекпіз. Менің ойымша, бұл көптеген адамдарға жақсы үлгі болады және барлығы жобаны таныстыруды, есептеуді, айтуды, қорғауды, инвестор тартуды және т.б. үйренеді. Екінші үлкен жаңалық - бизнес періштелерге ментор болуға мүмкіндік беріледі. Бұл енді бастап отырған кәсіпкер үшін үлкен плюс, өйткені ол ақшаға ғана емес, өмірлік серіктеске де ие болады. Бұл тек бизнеске ғана емес, жалпы өмірге де оң әсерін тигізуі мүмкін, қандай да болмасын кеңестер алып, тәжірибелі кәсіпкерлердің жіберген қателіктерін білуі мүмкін. Бұл жобаға өте жақсы және нәтижелі әсер етеді деп ойлаймын», - деп атап өтті бизнесмен. 


28 ақпанда өтінімдерді қабылдау тоқталады, наурызда жартылай финалистер таңдалады, ал наурыз айының соңында жеңімпаздар тізімі белгілі болады. Оларды бизнесмендер, қоғам қайраткерлері, сарапшылардан тұратын комиссия мүшелері іріктейді. Бұл ретте идея ғана емес, жобаны жүзеге асыратын адам немесе команда да маңызды.