«Қорғаныс министрлігі жас жігіттерді әскери қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Олар мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік каникул беруге, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген кезде бір жолғы ақшалай сыйақы төлеуге, сондай-ақ  білім беру секторында және отбасы мүшелеріне  коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде жеңілдіктер беруге қатысты. Ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында», - деді Жүсіпов.  

Сондай-ақ, спикер ақша талап ету, туындаған мәселелерді шешуді ұзаққа созу жағдайлары және сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін және туындаған мәселе бойынша кеңес алу үшін «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефондарына хабарласу қажеттігін атап өтті.