ҰҚК Шекара қызметі тәрбие идеологиялық және кадр жұмысы департаменті жасақтау және кәсіби дамыту басқармасының консультанты Дастан Мустафин елімізде шекара қызметіне мерзімді әскерге шақырушылар полиграфологиялық тексеруден өтетінін жеткізді.  

«ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 68-бабы 2-тармағына сәйкес, шекара қызметіне мерзімді әәскери қызметке басым тәртіппен, заңнамаға сәйкес, тиісті моральдық психологиялық және физикалық қасиеттері бар азаматтар ғана шақырылады. Сондықтан сол қасиеттерді анықтау үшін полиграфологиялық зерттеу өткізіледі. Сонымен қатар, «ҚР арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңының 7-бабына және 2012 жылғы 12 мамырдағы №620 Үкімет қаулысына сәйкес, арнаулы мемлекеттік органдар немесе шекара қызметіне полиграфологиялық зерттеуден өтпеген азаматтар қабылданбайды. Себебі, шекара қызметіне шақырылатын адамдар күрделі жағдайда қызмет атқарады. Мысалы 423 бөлімшенің 20-сы елдімекендерде 70-260 км дейінгі қашықтықта, 124-і 7-50 км қашықтықта, 207-сі ауылдарда орналасқан. Сондай-ақ әскери қызметші шекарада қару-жарақпен тұрады»,  деді спикер өз жауабында.