Тағы бір міндет – «республика–облыс-аудан» қағидаты бойынша мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тік жүйесін құру. 


«Тік бағыныстылықтың болмауы, жер саласы қызметкерлерінің штат санының қысқаруы жер қатынастары мен бақылау функциялары саласындағы тиімділіктің төмендеуіне алып келді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық және аудандық жер инспекторларының барлық функциялары орталық уәкілетті органға берілгенін ескере отырып, сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық деңгейде толыққанды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жолымен жер қатынастары саласын дамыту және тиімді реттеу мақсатында ағымдағы жылы аудандық деңгейде жер инспекцияларының қажетті аумақтық бөлімшелерін құру мәселесін пысықтау қажет. Ең негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі стратегиялық жоспарын әзірлеу және енгізу. Менің ойымша, жер ресурстарын басқару мемлекеттің алдында тұрған барлық әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу үшін жерді қалай пайдалану керектігін және қандай мөлшерде беру керектігін анықтайтын ұлттық жер саясаты аясында жүзеге асырылуы керек. Осыған байланысты болашақта жер қатынастарының күрделі саласындағы барлық даулы мәселелерді жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік беретін ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі стратегиялық жоспарды әзірлеу қажет деп ойлаймын», - деді комитет басшысы өз ойымен бөлісе отырып.