«1960 жылдан бастап Роза Тәжібайқызы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің жетекші сахна шебері атанды. Осыған байланысты, ұйымның сайтында әншіге арналған 7 блоктан туратын парақшасы ашылды. Сонымен қатар, осы көрменің және мүсіннің онлайн нұсқасы парақшада ұсынылады. Бейне мен аудиоматериалдар, Роза Бағланованың және әнші туралы мәдениет қайраткерлердің дәйексөздер орналастырылды. Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы – халыққа қалтқысыз қызмет етудің, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексіз құрметтің үлгісі. Бұл жастарымыз үшін тәрбиелік мәні бар дүние. Әнші жас кезінде Ұлы Отан соғысының басталуымен ансамбльмен бірге майданға аттанып, бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. 1945 жылы 9 мамырда Р.Бағланова Берлин қаласында өткен Жеңіс концертіне қатысты. Роза Бағланова түрлі елдердің халық әндерін шырқаған болатын, бірақ Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-городок» әншінің «визит карточкасы» екенін баршамызға мәлім. Бүгінгі мерейтой халқымыздың ұлы перзентіне деген шексіз құрметінің мәнді көрінісі, еліміздің мәдени-рухани қуатын нығайта түсетін тағлымды әрі тарихи оқиға деп ойлаймын. Халықтың қаһарман қызы еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан. Оның таланты, еліміз, халқымыз үшін жасаған еңбек жолы насихатталатын болады», - деді вице-министр. 


Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі биыл Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың 100 жылдығы аталып өтілетін жеткізді. Осыған орай, Әуезов атындағы театрда арнайы театрландырылған спектакль ұйымдастыру көзделген.